Орынбор мемлекеттік университеті студенттері ҚазҰУ-да қонақта
ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетіне құрамында сервис және туризм кафедрасының мұгалімдері, аспираттары мен студенттері бар Орынбор мемлекеттік университетінің өкілдері келіп кетті.
Олардың қаламызға келудегі негізгі мақсаты – оқу-туристік практикасын өткізуге әріптестер іздеу жолдарын қарастыру. Рекреациялық география және туризм кафедрасы осы іс-сапарға қолдау білдіріп, ҚазҰУ қалашығымен таныстыру мақсатында экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында қонақтар мұражайды тамашалады, инфраструктурамен танысты. Сондай-ақ олар қазақстандық университеттің зерттеу университетіне өту жолындағы жоспарларын көре отырып, кафедрааралық ынтымақтастықты факультет және университет деңгейінде көтеру мақсатына көз жеткізді. Осыдан кейін өткен шығармашылық кеште туризм бойынша оқу бағдарламаларын бір ізге түсіру, академиялық ұтқырлық, тәжірибе алмасу, ғылыми қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін әріптестік барысы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша болашақта келісім-шартқа отыру жоспарлануда.
Рекреациялық география және туризм кафедрасы