Студенттік жазғы лагерь - Ыстықкөлде

10 шілде, 2013

Жақсы жұмыс істеген – жақсы демалады. Бұл демалыс емес, жұмыстың қағидасы. ҚазҰУ жыл сайын өзінің жақсы жұмыс істеген студенттері мен қызметкерлерін Ыстық көл маңындағы жазғы спорттық-сауықтыру лагеріне 3 күндік демалысқа жіберетіні белгілі.


Бірақ, әдемі мереке мен нағыз тәжірибе алмасу алаңына айналатын лагерьдегі бұл 3 күнді жай ғана демалыс деп айту жарамас. Жыл бойы үздік еңбек етіп, демалуға келген 50 студент 4 топқа бөлініп, жарыс ұйымдастырды. Барлық қойылымдары мен ұрандарын, топтарының атауын Астана күнімен байланыстырған топ шығармалары мерекеге өзіндік ерекшелік сыйлады. Жарыс нәтижесінде «Жаңа толқын» тобы жеңімпаз атанды.

Лагерьдің екінші күні «Су патшасы - Сүлейменнің» мерекесіне арналды. ХХ және ХХІ ғасыр (оқытушылар мен студенттер) студенттері арасында өткен эстафеталық жарыс мерекенің қызу өтуіне сеп болды. Ал, бірі – оқытушы, қызметкер, екіншісі студенттен құралған «Екі жұлдыз» жобасында спорт және дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Дархан ағай мен журналистика факультетінің студенті, Студенттер сенатының мүшесі Аида Тойлыбаева жеңіске жетті. Сонымен қатар, «КМО Awards» марапаттау рәсімінде үздік студенттік жобалар, факультеттердегі өзін-өзі басқару ұйымдары анықталып, марапатталды.

Жастар ұйымдары комитеті