Екіжақты меморандумға қол қойылды

21 тамыз, 2013

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ACA*GIScience мүшелігіне кіру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумға Зальцбург университетінің профессоры Джозеф Штробл және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы, профессор Виталий Сальников қатысып, қол қойды.

Екіжақты кездесу барысында меморандумның ұтымды тұтастары мен тиімділігі сөз болды. Осы орайда Джозеф Штробл кеңінен тоқталып, ҚазҰУ-ға келудегі мақсатымен де бөлісті.

Меморандум аясында ҚазҰУ өз үлесін қоса отырып ACA*GIScience қызметі мен жарияланымдарына септігін тигізуге, ғылыми GISCA/аппеляциялық комиссия құрамына екі-төрт мүшесін бекітуге, Орталық Азия UNIGIS оқу орталығында белсенді қызмет етуге және ҚазҰУ қызметкерлері үшін UNIGIS оқу орталығының ақысына 10% жеңілдік көрсетуі іске асырылады. Сонымен қатар халықаралық ғылыми жұмыстарға, білім өтініштері мен жобаларға бірге қатысу, ұлттық ғылыми ізденістер мен білім бастамаларын жасау мен жүзеге асыру қызметтестігі, оқытушыларды даярлау, ұлттық және халықаралық бағдарламаларды қолдау арқылы халықаралық студенттерге және (академиялық) ұтқырлық бағдарламаларына көмектесу, біріккен халықаралық оқу бағдарламаларын дамыту туралы ізденістер, ACA*GIScience ұсыныс тақтасында көрсету сияқты ACA*GIScience артықшылықтарын қолданылуы болып табылады.

2008 жылы Eurasia-Pacific Uninet, Kyrgyz State University for Construction, Transport and Architecture және Centre for Geoinformatics, University of Salzburg қолдауымен Austria-Central Asia Centre for GIScience негізі қаланды. Қазіргі таңда ACA*GIScience кеңсесі KSUCTA, Бішкек-те орналасқан.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі