Заң факультетінде «Болашақ бүгіннен басталады» атты оқу семинары өтті

6 қыркүйек, 2013

2012 жыл 14 желтоқсанда ҚР Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан-2050 халқына жолдауында «Кәсіпкерлікті-ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау. Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есеге өсуі тиіс» деп атап өтті.

6 қыркүйекте аталмыш тапсырманы жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде «Болашақ бүгіннен басталады» атты Республикалық кампания аясында «Кәсіпкерлікті бүгіннен баста» атты оқытушылық семинар өтті. Семинар заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы, АҚ «Кәсіпкерлікті дамыту Қоры», «Даму», ҚБ «Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы» және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ және ҚР Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің көмегімен өтіп отыр.

Семинардың басты мақсаты кәсіпкерлік қызметке халықтың жағымды көзқарасын қалыптастыру. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік мемлекеттік қолдауды дәріптеу. Семинарға заң факультетінің студенттері, азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары, жастар ұйымдары қызметкерлері қатысты.

Семинарға қатысушыларды кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясындағы «Даму» қорының бағдарламасы қатты қызықтырды. Соның ішінде «Даму» қоры жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерге қандай нақты қолдау, қорғау шараларын көрсететіндігін, осы бағытта қандай БАҚ пайдаланады, қазіргі кезде кәсіпкерлікте жиі қолданылатын франчизаның негізінде жасалатын азаматтық құқықтық шарттарды тиімді қолдану мәселесі қатты қызықтырды, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге көрсетілетін заң және консалтинг қызметі қатты қызығушылығын туғызды. Осы және өзге де сұрақтарға Алматы қаласы бойынша «Даму» қорының менеджері Рауан Раимбеков толық жауап берді.

«Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» ЗТБ-ның «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ҚБ-нің аға маманы Светлана Каплина қаржы ресурстарына еркін қол жеткізуге қатысты, бизнес жоспарды дұрыс құрастыру, қаржыны дұрыс басқару, шағын және орта бизнесті ұйымдастыруда қызметкерлерді дұрыс таңдау, кәсіпкерлік қызметте жаңа технологияны (интернет, ұялы байланысты) қолдану мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Жалпы, қатысушылар семинардан алған жаңа ақпараттар мен мәліметтерге көңілдері толды. Семинарды ұйымдастырушылар осындай қажетті шараларды бірлесіп өткізуге келісті.

Азаматтық құқық және азаматтық іс-жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы