Жаңа инновациялық компания ашылды
13 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі «WeakUp» атты жаңа инновациялық компанияның жұмысын ұсынды. Компания жаңа бизнес-жобаларды құрып, оларды нарыққа шығарумен айналысады.
Қазіргі кезде тиімді нәтижелер көрсеткен жобалар бар (Гиппократ мобильді қосымшасы, Covaio автохабарландырулар порталы және т.б.). Бүгінде «WakeUp» компаниясы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркімен бірге жаңа start-up компанияларын құруды жоспарлап отыр. Кездесуге ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент директоры Хайдар Тасибеков, информатика кафедрасының меңгерушісі Байдәулет Урмашев, ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі Тимур Бакибаев қатысты. Кездесу жақсы идеяларға бастау болып, болашақта іскерлік қарым-қатынасты жақсарту жолдарын қарастырды.
ҚазҰУ технопаркі