Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты мобильділік апталығы» аясында студенттерге арналған 200 орынды 14 велотұрақ ашылды.
Іс-шара тұрақты көлікті жарнамалауға бағытталған және аталған шара университеттің велосипед көлігін дамыту бастамасын қолдаған Samsung компаниясы, «Алматы қаласының тұрақты көлік» ПРООНГЭФ жобасы және «Вело-Алматы» қауымдастығымен әріптестікте өткізіліп отыр.
Осы орайда Шырын Тіленшиева әлеуметтану мамандығының 2-курс магистранты: «Бұл іс-шара ҚазҰУ-да өтіп жатқанына қуаныштымын. Біздің университет тазалықты, экологияны сақтауды қолдарынан келгенше атқарып келеді. Ыңғайлы, таза және жылдам қала көлігін пайдалануды қалыптастыруға бізде өз үлесімізді тигізе аламыз. Осындай үлкен қалашығы бар ол тек – ҚазҰУ. Менде велотұрақтың алдағы уақытта тұрақты қолданушысы боламын», - дейді.
16 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында әлемде жыл сайын «Тұрақты мобильділік апталығы» өткізіледі, апталық «Автокөліксіз күн» халықаралық мерекесімен аяқталады. Бұл аптада әлем қалалары қалалық көліктердің тұрақты түрлерін белсенді жарнамалайды: қоғамдық көліктер, велосипедтер және басқа да қала ішінде қолдануға болатын көліктер. Биылғы жылы бұл апталық ауа сапасына және тұрғындардың осы мәселені шешу жолдарына арналған. Апталықтың ұраны «Таза ауа – таза жол». Велотұрақтың салтанатты ашылуында велосипедпен жүру қауіпсіздігі туралы шеберлік сағаты мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.
ҚазҰУ профессоры Ғалия Ибраева студенттер өз денсаулықтарын сақтасын деген мақсатта университет тарапы велосипедпен жүруді қолдайтынын, экологиялық таза орта қалыптастыруға орай жасалып отырған игі бастама нәтижелі боларына сенімді екенін жеткізді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі