ҚазҰУ-да Васеда университетінің апталығы

27 қыркүйек, 2013

18-25 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде корейтану және жапонтану кафедрасымен жапон тілі мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығымен бірігіп «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы Васеда университетінің апталығын» өткізді.

Апталық Жапонияны Қазақстанда таныстыру және әріптес университетпен ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Васеда университеті (Жапония) арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылып, 2011 жылдан бастап Васеда университетінің делегациясы біздің университетімізге келіп тұрады. Үстіміздегі жылы профессор Ацуши Огихара жетекшілік еткен делегация келді (студенттер, магистранттар және докторанттар).

Апталық барысында «Табиғи апат салдарынан зардап шеккендерге көмек» тақырыбында халықаралық ғылыми студенттік семинар өткізілді. Жапониядағы үлкен жер сілкінісінен кейін (2011 ж.) Жапонияның зардап шеккен халқына көп елдер, оның ішінде Қазақстан да көмек көрсетті. Жапония Үкіметі зардап шеккен халыққа көмек көрсетудің біртұтас бағдарламасын жасады. Жапон студенттері Жапония үкімет, жеке компаниялар, жеке тұлғалар өз отандастарына көрсеткен көмектерін қызықты таныстырылымдар арқылы ұсынды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері өрт пен су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қазақстан халқына әлеуметтік көмек көрсету туралы баяндамалар әзірледі. Осыған байланысты осы мәселе төңірегінде екі елдің оң тәжірибесін зерттеп қарастыру үлкен маңызға ие. ҚазҰУ-дың спорткешенінде шығыстану факультеті командаларының қатысуымен «tee-ball» жапон ұлттық ойыны өтті. Сонымен қатар, ұлттық жапон тағамын таныстыру, шығыстану факультетінде оякиді әзірленді. Васеда университетінің студенттері кейбір жапон ұлттық тағамдарын әзірлеу құпиясын ашты. Бүкіл факультет әзірленген тағамдардың дәмін татып көрді. «Home stay» бағдарламасы аясында жапон студенттерінің қазақ отбасында өмір сүруі – ұлттық салт-дәстүрмен танысу сағаттары ұйымдастырылды.

Корейтану және жапонтану кафедрасы