Заң факультетінің студенттері қазақ тілін дамыту жолдарын талқылады
Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Тілдер фестивалі» аптасы аясында мемлекеттік тілді дамыту бағытында №18 жатақханада студенттермен кездесу өткізді.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы студенттермен пікір алмасуының мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін бекітетін Республика Конституциясының 7 бабының мазмұнымен студенттерді таныстырып, оның мәнін ашу, мемлекеттік тілді дамыту қажеттігін түсіндіру болды. Кездесуде кафедра құрамы Қазақстанның ертеңгі болашағы – бүгінгі студенттерге мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің мәртебесінің конституциялық бекітілуін түсіндірумен қоса, мемлекетттік тілді (қазақ тілін) қажетті деңгейде игерудің маңызын, оның қажеттігін түсіндіріп, отансүйгіш азамат ретінде мемлекеттік тілді ары қарай дамытуға өзіндік үлес қосуын, қазақ тілінің жанашыры болуын аманат етті.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы