«Infotour»(«Youth travel») студенттік туристік фирмасының демалыс күнгі экскурсиясы

1 қазан, 2013

География және табиғатты пайдалану факультеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының «Infotour» («Youth travel») студенттік туристік фирмасы Алматы қаласы төңірегіндегі экскурсияларды ұйымдастыру бойынша әрекетін жаңғыртты.

22-қыркүйек күні турфирма химия факультетінің студенттеріне арналған экскурсиясын өткізді.

Экскурсия кезінде студенттер келесідей туристік объектілерді тамашалады:

- «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени орталығын. Ол жерде Есік қорғандарының қазбалары, «Алтын адамның» нақты көшірмесі және Есік қорғандарының өзін көруге болады.

- Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Парктің аумағында экскурсанттар Түрген шатқалының керемет табиғатын тамашалады, сонымен қатар экскурсанттар Аюлы сарқырамасына көтерілді. Ал қайтар жолда форель шарушылығына аялдадық. Мұнда балық аулап, уақыт көңілді өтті.

Телефон арқылы тапсырыс қабылдаймыз:

+7771465 49 79, +7707929 62 69

Біздің мекен-жайымыз:

әл-Фараби даңғылы 71,

Ғылыми-технологиялық парктің ғимараты, 209 каб.

«Infotour» («Youth travel») студенттік туристік фирмасы