DAAD жетекшілерімен келіссөздер өткізілді

2 қазан, 2013

Неміс Академиялық алмасу қызметінің жетекшілері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде болды.


Германдық зерттеулер орталығында DAAD мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету туралы жемісті келіссөздер өтті. Онда DAAD-тің Орталық Азия және Кавказ департаментінің жетекшісі Кай Франке (Бонн), қазақстандық бюроның жетекшісі Михаэль Яуманн, ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Рамазанов Т.С., Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шәкіров К.Н., Германдық зерттеулер орталығының директоры, профессор Губайдуллина М.Ш., халықаралық қаынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Чукубаев Е.С. қатысты.

DAAD – Германияның Академиялық алмасу қызметі ғылыми қызметкерлер мен студенттердің халықаралық академиялық алмасуын қолдайтын ең ірі жалпыгермандық ұйым болып табылады (штаб-пәтері – Бонн). Бұл ұйымның терең тарихы бар, ол 1925 ж. құрылған, ал Қазақстанда 20 жыл қызмет атқарады және осы жылдар бойы ҚазҰУ-мен байланысты қолдап отыр. Біздің университетіміздің көптеген оқытушылары мен студенттері DAAD стипендиаттары атанды, мәселен, соңғы екі жыл Германияның жоғары оқу орындарының магистратурасында халықаралық қатынастар факультетінің тоғыз түлегі білім алуда, алтауы жазғы тілдік курстарды өтті, бірнеше оқытушылар Alumnae қатарына қосылды (проф. Мовкебаева Г.А., проф. Губайдуллина М.Ш.).

Неміс қонақтарымен ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары талқыланды, соның ішінде ҚазҰУ-да неміс тілінің оқытылу жайы, ізденушілер мен студенттерге арналған жаңа гранттық бағдарламалар туралы, академиялық ықпалдастықтың жаңа бағыттары және т.б. проректор Рамазанов Т.С. және Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Шәкіров К.Н., Германияның университеттері және ғылыми ұйымдарымен қалыптасқан ынтымақтастықтың маңыздылығын атай отырып, университеттегі германиялық бағыттың одан әрі қарай дамуы туралы тілек білдірді. Рамазанов Т.С. DAAD-нің стипендиялық қолдауы нәтижесінде германиялық әріптестерімен бірге PhD докторларын дайындау мен өз шәкірттерінің диссертация қорғаудың оң тәжірибесімен бөлісті.

Аймақтағы университеттермен ынтымақтастықтың стратегиясымен айналысатын Кай Франке басқаратын ұйым, халықаралық қатынастар факультеті жанында DAAD кеңес беру орталығын ашу туралы ұсыныс білдірді. Кейін оның қызметін кеңейту көзделеді. Келіссөздер барысында неміс тілін және таңдау бойынша пәндерді оқытуға DAAD дәріскерін беру туралы келісімге қол жеткізілді. Боннан келген жоғары мәртебелі конақ факультеттің Германия оқытушыларын неміс тілінде мамандану сабақтарын тереңдетіп оқыту үшін шақыруда қолғабыс ету бастамасын қолдады.

Неміс қонақтары академиялық алмастыру бағдарламасы бойынша студенттерді қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап берді. DAAD стипендиаты болған факультет студенттері өздерінің жетістіктері туралы баяндап берді, Германия университеттеріне жасаған сапарлары туралы фильм көрсетілді.

Кездесуде сондай-ақ неміс оқытушылары, ізденушілері, Эберт ат. Қорыдың өкілдері және факультет оқытушылары (Құлбаева А.Т., Көтиева Л.М., Көшербаев Ж.Д.), халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері (Баткалова К., Сариева Б.). болды.

ҚазҰУ-дың германдық зерттеулер орталығы