Заң факультетінде тіл мерекесі тойланды

2 қазан, 2013

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасында «Тіл құдыреті. Ана тілі – арын бұл» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы заң факультетінің 1 курс студенттерімен бірлесе отырып, Қазақстан халқының тілдер күніне арналған дөңгелек үстел өткізді. «Тіл құдыреті. Ана тілі – арын бұл» атты осы іс-шараның тақырыбы мен мазмұнын аға эдвайзер Н.Н. Хибинаның басшылығымен 111 топтың студенттердің өздері белгіледі.

Жеке көріністер, авторлық өлеңдер, студенттердің қойылымдары қатысушылардың қызығушылықтарын танытты. Тарихи тұрғыдан, тұрмыс және әдеби дәрежеде - Қазақстан халқының қазақ тілін және басқа тілдерін дамыту және қалыптастыру қаралды. Дөңгелек үстелдің қатысушылары осындай іс-шараны үнемі өткізіп тұру керек деген пікірге келді.

Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,

еңбек құқығы кафедрасы