Халықаралық қатынастар факультетінде ел қауіпсіздігі тақырыптары талқыланды

3 қазан, 2013

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының аясында «Шығыс жұлдызы» үйірмесі «Мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздіктері: Сирия дағдарысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелді үйірме жетекшілерінің бірі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Балаубаева Б.М. ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге сарапшы ретінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Момынқұлов Ж. қатысты. Факультеттің 4 курс студенттері Асқарова Гүлсім, Бопыш Рыскүл, Аманкелді Алтынай «Мемлекет ішіндегі қауіпсіздік факторлары және оның мемлекеттік билікке қатер төндіруі». Мамбетали Әйгерім, Пірімхан Әйгерім «Мемлекет сыртынан төнетін қауіп-қатерлер және одан сақтану мәселесі». Сапобекова Айнұр, Әбішева Гүлмира «Мемлекеттің ішкі-сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» атты баяндама оқып, дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

Халықаралық қатынастар факультеті