Бірлік іргетасы - тіл

4 қазан, 2013

Бұл шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Жоғары мектеп академиясының академигі Тұрсынбек Кәкішұлы, Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының директоры Бекет Тұрлымбеков, Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кешті филология ғылымдарының докторы, профессор, Жоғары мектеп академиясының академигі Тұрсынбек Кәкішұлы ашып, мерекемен құттықтады. Одан кейін факультет деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Есімова Жұлдыз Дапенқызы сөйлеп, факультет деканы, профессор Гүлмира Қазыбекқызының құттықтауын оқып берді. Құттықтаулардан кейін студенттердің күшімен дайындалған әсем ән мен тәтті күйлер орындалып, аңыз желісінде қазіргі үлгіде жазылған «Соқыр ана», М. Мақатаевтың «Жоқ, дәрігер» қойылымы көрсетілді.

Бұл шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейту, оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Марапаттау рәсімін профессор Т. Кәкішұлы жүргізіп, студенттерге ризашылығын білдіріп, өнерлерін ары қарай шыңдай берулеріне тілектес екенін айтты. Өнерімен ерекше көзге түскен студенттерге Мақтау қағазы табысталды.