ҚазҰУ студенті тоғызқұмалақтан жеңімпаз атанды

11 қазан, 2013

Шымкент қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы кубогы үшін жарыс болып өтті.

Жарысқа Республиканың 12 облысы және Алматы қаласынан 13 команда қатысты. Аталмыш шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттері де қатысты. Олар Есіркепова Арайлым (химия және химиялық технология факультеті 4-курс студенті), Нағымова Алтынгүл (Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің 3-курс студенті), Бостандықов Бексұлтан (Физика-техникалық факультетінің 1-курс студенті).

Жекелеген сайыста ерлер арасында (3 тақтада) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің 1-курс студенті Бостандықов Бексұлтан – бірінші орынға ие болып, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері спорттық нормативін орындады. Бұл біздің студенттердің жаңа оқу жылындағы алғашқы үлкен жетістіктері. Жеңіс құтты болсын.

ҚазҰУ-дың Спортклубы