ҚазҰУ-да ауылшаруашылық жәрмеңке ашылды

12 қазан, 2013

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы облысы, Қарасай аудандық ауылшаруашылық жәрмеңкесі ашылды.


Әлеуметтік серіктестік бағдарламасы желісімен ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағы мен Алматы қаласы және Қарасай ауданы әкімдіктері бірлесе отырып республикадағы ЖОО-ның арасында студенттер мен оқытушыларға арналған жәрмеңке алғаш өткізілді.

«Бұл күндері, әсіресе мұсылмандар мерекесі Құрбан айт күні біздің студенттер мен оқытушыларымыз сауда орындарына барып азық –түлік алып әуре болмасын деп жәрмеңкені дәл осы жерден аштық. Дастарханға қажеттінің бәрі бір жерде әрі төмен бағамен. Адамдарға жергілікті селхоз өндірісінің жаңа піскен, жоғары сапалы өнімдерін сатып алуға мүмкіндік беру үшін, мұндай жәрмеңкелерді ЖОО төңірегінде әрдайым өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы төрағасы Талғат Мекебаев айтып өтті.

Келушілер сауда қатарларын аралай отырып, ет өнімдерінің мол таңдауына, сүт өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністердің бағалары базар бағасынан 25-30%-ға арзан болғанына риза болып қайтты. Жәрмеңкеде әсіресе ет өнімдері: дәмді қой еті,сиыр еті, жылқы еті, қазы қарта түрлері молынан кездесті және бұл өнімдерге сұраныс та көп болды.

«Жәрмеңке-бұл оған келушілерге біздің фермер қожалығының өнімдерін таныстыратын тиімді мүмкіндік. Барлық өнімдер жоғары сапалы және арзан. Біз ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары сатып алушы ретінде өнімнің сапасы мен бағасына риза болғанын қалаймыз»деп айтып өтті «Хамза» шаруашылық қожалығының өкілі Хабиб Мырзахметұлы.

Жәрмеңке студенттер назарын көкөністер мен жемістердің мол таңдауына аудартты. «Егістіктен тікелей әкелінген өнімдер бізді жоғары сапасымен, ғажайып дәмімен, арзан бағасымен, мол таңдауымен қуантты. Әрі уақытты үнемдейміз, енді арнайы базарға барудың қажеті жоқ. Студенттер мен оқытушыларға қамқорлық көрсеткен жәрмеңкені ұйымдастырушыларға, университет басқармасына алғысымыз шексіз» деп студенттер өз ойымен бөлісті.

«Қазақстан-2050» бағдарламасын іске асыру мақсатымен 2013жылы ақпан айында қабылданған «Агробизнес-2020» бағдарлама желісімен ауыл шаруашылық жәрмеңкелер Алматы қаласында өткізіледі. Және де базардағы бағаны тұрақтандыру, сапалы өнім мен мол таңдауды, агроөнеркәсіп кешенін отандық өндірушілердің қолдауымен алдағы уақытта қамтасыз етеді.