«Достар естелігіне» атты дәстүрлі туристік сайыс

14 қазан, 2013

13 қазан күні Кіші Алматы орман шаруашылығының маңында Алматы қаласының Спорт туризмі мен Туристік көпсайыс федерациясы, Қазақстан Республикасының ТЖМ-нің Алматы қаласы өңірлік жедел-құтқару жасағының қолдауымен жылсайынғы «Достар естелігіне» атты ашық халықаралық туризм техникасы бойынша жарыс өткізілді.

Дәстүрге айналған аталмыш жарысқа қаламыздың бірнеше университеттерінің белсенді студенттерінен, Текелі қаласының арнайы мамандандырылған мектеп оқушыларынан жасақталған командалар қатысты. Туристік жарыс 2 кезеңнен тұрды: сайыстың алғашқы күні – құтқару жұмыстары кіретін тау-жоталы дистанциядан тұрса, екінші күнінде – спорттық бағдарлау ұйымдастырылды. Жарыс жолының күрделілік және қиындық дәрежесіне байланысты, сайысқа қатысушылар топтары А және Б категорияларына жіктелді.

Жарысқа қатысушылар туристік және альпинистік құралдармен жұмыс жасау шеберлігін көрсетіп, туристік техника білімін бойынша тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, жарысқа қатысу арқылы көңіл көтеріп, денсаулық үшін пайдалы әсермен тарасты.

Б категориясы бойынша жарысқа түскен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттерінен жасақталған команда сайыс қорытындысы бойынша жалпы топтық 1 орынға ие болды.

Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы жүлделі сыйлықтармен марапатталды.