Жансая Багитова Назарбаев стипендиаты атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының 6M060600 - «Химия» мамандығы бойынша 2 курс магистранты Багитова Жансая Кәрімқызы оқудағы үздік көрсеткіштері, ғылыми-зерттеу жұмысындағы жоғары жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін Назарбаев стипендиаты атанды.
Магистранттың ғылыми жетекшісі, органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының доценті, х.ғ.к. Р.К. Рахметуллаева «Жансаяға тек биік белестерден көрініп, еліміздің көркеуіне атсалыса беруіне тілектеспіз! Зор денсаулық, қажымас қайрат тілей отырып, кішіге үлгі, достары мен кафедра, факультет ұжымының мақтанышы болып жүре бер», - деп өзінің тілегін білдірді. Жансаяны шын жүректен құттықтаймыз!
Химия және химиялық технология факультеті