Студенттік құрылыс жасағы қайта құрылды

10 шілде, 2009

25 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттік құрылыс жасағының мерейтойлық бастамасының ашылу рәсімі өтті.

14 құрылыс жасағы университет алаңында жиналды. Жасақ командирлері аудандық штабтың командиріне есеп берсе, ал ол өз кезегінде университет ректорына СҚЖ-2009 жұмысының бастағандығын мәлімдеді.

Аудандық штабтың командирі Әбдіқахар Сейітжановтың бұйрығынан кейін 14 құрылыс жасағы жиынтық жасақтарына ауысып, ҚазҰУ алаңында ұрандатты.

ҚазҰУ ректоры Б.Т. Жұмағұлов еңбек семестрінің бірінші кезеңінің жеңімпаздарын марапаттап, үздік жасаққа жеңімпаздың жалаушасын ұсынды.

Университеттің бірінші проректоры З. Мансұров СҚЖ-ның сарбаздарына жасақ куәліктерін берді. Бұл куәлікте студенттердің жасақтағы еңбектері, спорттағы жетістіктері жазылатын болады. Жазғы семестр аяқталғаннан кейін аталмыш куәліктер Университетің тарихи мұражайына қойылады.

1962-1963 жылғы СҚЖ-ның алғашқы буын өкілдері Ә. Әбілов символдық «әндемені» жас буынға табыстады.

Былтыр ҚазҰУ-дың 14 факультеті үміткерлерді іріктеп, ішінен еңбекқор әрі лайықтыларын таңдап құрылыс жасақтарын құрған болатын. Маусым айының басында жасақтар университет территориясы мен қалалық саябақтарды тазалады.

Сондай-ақ, құрылыс жасағы қоғам өміріне белсенді түрде қатысып отырады. Мәселен, ҚазҰУ студенттерінің ықыласымен республика бойынша ҰОС-та құрбан болғандарды еске алу апталығы өтті. Жасақ сарбаздары Панфилов атындағы саябақтағы ескерткіштерді тазалап, гүл шоқтарын қойды.

Жазғы маусымның аяғында СҚЖ КазҰУ қалашығында салынып жатқан жаңа оқу ғимараттары мен кітапхана құрылысына атсалысатын болады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі