Білім беру ықпалдастығының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық үлгілері

22 қазан, 2013

2013 жылдың қыркүйек айының 16-28 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия және саясаттану факультетінде педагогика ғылымдарының докторы, Св.Климент Охридский атындағы София университетінің профессоры, Болгария Республикасы Білім, ғылым және жастар министрлігінің кеңесшісі, „Этнопсихопедагогика” ғылыми мектебінің жетекшісі Колева Ирина (Болгария) «Білім беру ықпалдастығының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық үлгілері» атты авторлық курс бойынша дәріс оқыды.

Дәрістер және семинарлар интерактивті форма бойынша жүргізілді. Авторлық курсты «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандықтары бойынша магистранттар мен студенттер, сонымен қатар жалпы және этникалық педагогика кафедрасының оқытушылары тыңдады.

Осы уақытта университеттің шақыруымен факультетке «Предтечи» БГ бас директоры Виолета Добитчина (Болгария) келді.