Жас оқытушы мектебі ашылады

29 қазан, 2013

1 қарашада баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас оқытушы мектебінің» ашылу рәсімі мен «Жас оқытушыға 10 кеңес: кәсіби және педагогикалық ізденістер» әдістемелік семинары өтеді (сағ. 10:00, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті №230 профессор Т.Қожакеев атындағы акт залы).

Әдістемелік семинар жұмысында білікті профессор-ғалымдар жас оқытушыларға әдістемелік материалдарды дайындау, оларды тиімді пайдалану жайлы кеңестерін ортаға салып, талқылайды. Семинар барысында «Жас оқытушы мектебінің» ережесі бекітіліп, тұсаукесері өтеді. Аталмыш мектептің құрылу мақсаты педагогикалық қызметін жаңа бастаған оқытушыларға кеңестер беру, білім берудің инновациялық технологияларын игеру мен оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру бойынша ортақ пікір алмасу алаңын қалыптастыру, сондай-ақ факультетаралық ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту болып саналады. «Жас оқытушы» мектебі шараларын университеттің кез-келген жас оқытушысы ұйымдастыра және қатыса алады.

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы