«Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет сынының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция

2 қараша, 2013

Конференцияда ғалымның шығармашылығы мен ғылыми зерттеулерінің басты бағыттарына қатысты қазақ әдебиеті мен руханиятының өзекті мәселелер, оны жоғары мектепте оқытудың әдістемелік мәселелері қаралады.

Конференцияға алыс-жақын шетелдерден әдебиеттанушы ғалымдар, белгілі жазушылар, жоғары мектептің оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, студенттер шақырылады.

Конференция жұмысы мынадай бағыттар бойынша өтеді:

  1. Қ. Әбдезұлының зерттеулеріндегі қазақ руханиятының үлгілері
  2. Әдебиет, өнер және Қ.Әбдезұлы шығармашылығы.
  3. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері.

Конференцияға қатысу үшін 2013 жылдың 1 мамырға дейін өтініш білдіріп, баяндама мәтінін электронды нұсқасымен бірге ұсыну керек. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Баяндамалар мәтіні компьютерде теріліп төмендегідей техникалық шарттарға сай болуы керек: Көлемі – 5 бетке дейін, Word 1997-2003, 2007, әріптері Times New Roman (шрифтімен), 14 кегль, форматы – А4, жол арасы бір интервал. Пайдаланған әдебиеттер тізімі сілтеме реті бойынша баяндаманың соңына келтіріледі.

Конференцияда келуге байланысты барлық шығындар (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) баяндамашылардың өз есебінен болады (4 мың теңге) . Конференция материалдары ғылыми жинақ болып жарыққа шығады.

Қатысу жайлы өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:

  1. Аты-жөні.
  2. Ғылыми дәрежесі, атағы.
  3. Жұмыс орны.
  4. Баяндаманың аты.
  5. Мекен-жайы, e-mail

Конференция 2013 жылдың 5 маусым күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректоратының мәжіліс залында (15 қабат) сағат 10.00-де басталады.

Біздің мекен-жайымыз:

Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Тел. 3773339 / 13-21

e-mail: esimjulduz.84@mail.ru