Студенттерге арналған тәрбие сағаты өтті

4 қараша, 2013

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының «Мәдениет.kz» клубы мен мәдениеттану мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен факультеттің 1 курс студенттеріне арналған «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті туралы ереже мен студенттің ар-намыс кодексі және оқу ғимаратындағы және жатақханадағы міндеттерімен таныстыру» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Қонаққа саясаттану кафедрасының доценті А.И.Лұқпанов және философия кафедрасының аға эдвайзері Д.Ж.Дағжан келді. Сабақ барысында Дінтану мамандығының эдвайзері Д.С. Өтебаева мен Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға эдвайзері К.Ә. Бияздықова студенттерге ҚазҰУ-дың ережелері мен студенттердің құқықтары мен міндеттерімен таныстырды. Ашық сабақ барысында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға толық жауап беріліп, талдау, талқылау, ой алмасуға ұласты.