«ЖасТур» кубогы үшін мини-футболдан жарыс өтті

5 қараша, 2013

2013 жылдың 31 қазан – 1 қараша күндер аралығында Алматы қаласының «Туризм» мамандығын оқытатын жоғары оқу орындары студенттері арасында мини-футболдан «ЖасТур» кубогы үшін жарыс өткізілді.

Спорттық дода жарысы ҚазҰУ-ға қарасты спорттық кешенінің мини-футбол алаңында ұйымдастырылды. Жарысқа 9 университеттен 10 команда қатысты. Жарыс тізгіні бірінші күннен-ақ қызықты да, әрі тартысты бәсекеде өтті. Жарысқа келген командалар өздерінің дайындықтары мен шеберліктерін жанкүйелерге паш етіп, көрермендер көңілінен шыға білді. Жарыс Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Алматы қаласының туризм басқармасы, Қазақстанның туристік ассоциациясы, Қазақстанның қонақ үйлер мен мейрамханалар ассоциациясының қолдауымен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша, қатысушы 1 орынды «КазАСТ» командасы (Қазақ спорт және туризм академиясы) иеленді, 2 орынды «Мастера» командасы (Шет тілдер және кәсіби мансап Университеті) иеленді. Ал 3 орынды «АГТУ» командасы (Алматы мемлекеттік техникалық университет) иеленсе, 4 орынды «Арланс» командасы (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) алды. Жеңімпаз командалар, демеушілер тарапынан ұсынған арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын иеленіп, аталмыш жарыс дәстүрге айналса деген ниеттерін білдірді.

«ЖасТур» туризм мен спортты дамыту клубы