Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы өтеді
2013 жылдың 15 қарашасында (сағ. 10:00) заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы мен «Союз ради прогресса» студенттік клубы бірлесіп әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80-жылдығына арналған «әл-Фарабидің теориялық-құқықтық мұралары: тарихи маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» тақырыбында студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар үшін республикалық конференция өткізеді.
Конференцияның басты мақсаты әл-Фарабидің теориялық-құқықтық мұраларын, оның тарихи маңызын және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде оның дамуы мәселелерін кеңінен талқылау болып табылады.
Конференцияға заң факультетінің, ҚазҰУ-дың және жоғары оқу орындарының өзге факультет студенттерінің, магистранттарының, PhD докторлары мен жас ғалымдарының қатысуы қарастырылады.
Конференция материалдары жеке жинақ түрінде жарық көреді.
Байланыс телефоны: 8 (727) 377-33-35 ішкі 12-55, 12-56; 322, 324 каб. E-mail: C_r_p@mail.ru
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы