«Қазақстандық әлеуметтанудың қоғамдық рөлі»

7 қараша, 2013

Философия және саясаттану факультеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы 2013 жылдың 13 қараша күні сағат 18:30 №9 жатақханада халықаралық әлеуметтанушылар Күніне арналған «Қазақстандық әлеуметтанудың қоғамдық рөлі» атты дөңгелек үстел өткізіледі. Іс-шарада факультеттің оқытушылары мен магистранттары, студенттерінің баяндамалары тыңдалады. Дөңгелек үстелде қазіргі кездегі қоғамдағы әлеуметтанушының рөлі, Қазақстандағы және әлемдегі әлеуметтанудың қоғамдық рөлі туралы мәселелер дәріптеледі.

Дөңгелек үстелге қонақ ретінде «Әлеуметтану» бөлімінің түлегі, «Marketpro consult» ЖШС-ының директоры С.Р.Оразбекова шақырылады. Ол өзінің презентациясында тәжірибиелік әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізудің стратегиясы мен технологиясын ашып көрсетеді. Ол студенттерге өзінің кәсіби жолының қалай қаланғаны туралы сөз етіп, өз тәжірибесімен бөліседі.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры Н.У Шеденова, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы А.М. Чинасилова, «Әлеуметтану» бөлімінің магистранты М.Ю.Заки.