Панфиловшылар ерлігі жайлы кітаптың тұсаукесері өтеді
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде профессорлар В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметованың «Панфиловшылар: аңызға айналған ерліктің 60 күні» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітапты «Зияткерлік еңбек әйелдері одағы» Қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының жәрдемімен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында басып шығарған.
Соңғы кездегі оқиғалар көрсетіп отырғанындай, ақпараттық соғыстар әлемдік саясаттың маңызды элементіне айналуда. Олар көп ретте тарихи құжаттамаларға қатысты. Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің тікелей ұрпақтары болып табылатын авторлар үшін қаһарман бабалар қарсыластарының шабуылдарын өз тарихи алаңында қорғап қалу ар-намыс парызына айналып отыр. Кітапта олар сол бір кезеңнің қаһарлы 1941 жылдың қиын-қыстау күндеріндегі біздің жерлестеріміздің іс-қимылы туралы әңгімелейді.
В.К. Григорьев пен Л.С. Ахметова Ұлы Отан соғысының ең күрделі кезеңіне байланысты бірқатар оқиғаларды тарихи талдау тұрғысынан алғанда өткен уақыттың белгісіз тұстарын толықтыруға талпыныс жасаған.
Оқулық-практикалық басылымда И.В. Панфилов атындағы 316 атқыштар 8 гвардиялық дивизияның қиян-кескі ұрыстары мен ерліктері, өмірі мен тұрмысы күн санап көрсетілген. Сондай-ақ Рокоссовскийдің 16 армиясына, панфиловшыларға қарсы тұрған неміс жағының да 60 күн бойғы күнделікті естеліктері мен құжаттары берілген.
Кітап студенттерге, жастарға, саясаткерлерге, педагогтарға, ХХ ғасырдың тарихы мен ақиқатына қызығатын жұрттың барлығына арналған.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және ЮНЕСКО орталығы