SOPA Award Winners Forum: азиялық журналистика форматындағы журналистік зерттеулер

11 қараша, 2013

Биыл Азия журналистер қауымының жеңімпаздары форумы журналистік зерттеу тақырыбына арналды. 1982 жылы негізі қаланған ұйымның бас кеңсесі Гонконгта орналасқан журналистика саласындағы жергілікті, аймақтық БАҚ-тағы ең озық тәжірибелерді қолдау саналады. Азиядағы журналистиканың дамуы бағыттарын жобалайтын ұйымның дәстүрге айналған SOPA сыйлығы бар.

Қоғамда әлеуметтік қарым-қатынас пен әлеуметтік әділеттіліктің орнын ерекше, әсіресе, бұл форумның журналистика саласында білім алып жүрген студенттер үшін өзекті пікірсайыс және диалог алаңы екендігі рас.

Форумға журналистік үздік зерттеулері үшін SOPA сыйлығының иегерлері атанған Bloomberg News тілшісі Майкл Форстайн, The New York Times тілшісі Томас Фуллер, Ming Pao Гонконг саяси-экономикалық басылымы зерттеу бөлімінің редакторы Эрнест Чи, Камбоджалық The Phnom Penh Post газетінің ұлттық шолушы редакторы Мая Титхара, Financial Times газеті Пекин Бюросының Бас редакторы Джамиль Андерлини қатысып, Азия БАҚ дамуында журналистік зерттеулердің қоғам өміріне, азаматтардың өміріне ықпалын, қиындығы мен жауапкершілігі жайлы өзіндік ойларын, бастан кешкен оқиғаларын ортаға салды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті магистранттары мен студенттері Гонконг қаласында азиялық журналистер форумы аясында өткен 10 күндік ғылыми тәлімгерлік бағдарламасы бойынша журналистік ең үздік зерттеулер авторларынан шеберлік-сыныптары мен семинар дәрістерін алды.

Биылғы азиялық журналистер форумында зерттеулері үшін сот алдында жауапқа тартылуы, журналистің өзін де, жазған материалын да ақпараттық қауіпсіздігін қамтасыз ету жолдары, деректерді сақтау көздері, жарнама мен аудитория арасындағы байланыс, ақпараттың шынайылығы, туралығы, дереккөздер, статистикалық мәліметтерді іріктеу жолдары, желідегі әңгімелерден тақырып іздеу. Әр тараптағы, түрлі тақырыптағы ойлар мен көзқарастар түйіскен форумның мақсаты да ортақ пікірсайыс алаңын қалыптастыру болатын. Журналистік зерттеулер жүргізетін тілшілер мен редакторлардың тәжірибесін талқылау, ортаға салу, ой бөлісу болатын. Азиялық журналистер қауымы жеңімпаздары журналистік зерттеулер жүргізудің болашағы алда деген тоқтамға келді. Журналист қаламынан туындаған зерттеулер қоғамда айтаралықтай резонанс тудыратыны тарих дәлелдеген. Журналистер қиындыққа, қатерге, қауіпке қарамастан зерттеулерін адамзат өркендеуіне, рухани құндылықтардың тозбауына арнайды деген сенімде.

Журналистика факультеті