Студенттер еріктілер ретінде қайырымдылық жобасына қатысты

11 қараша, 2013

Корейтану және жапонтану кафедрасының студенттері еріктілер ретінде POSCO (Оңтүстік Корея) қорының «Happy Builder Қазақстан 2013» қайырымдылық жобасына қатысты. Жоба 31 қазан мен 11 қараша аралығында өтті.

Жобаның мақсаты Шымкент қаласының мектептерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларды Кореяның мәдениетімен және өнерімен таныстыру болатын. Сондай-ақ, еріктілер Алматы қаласында 7-11 қараша аралығында екіжақты мәдениет алмасу фестивалін ұйымдастырып өткізді. POSCO қоры университеттің бұрыннан келе жатқан серіктесі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік студенттеріне 10 жылдан бері шәкіртақы тағайындап келеді. Аталған жоба біздің студенттеріміз үшін тілдік тәжірибе ретінде аса маңызды болып табылады. Сондай-ақ, бұл жобаның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен POSCO компаниясы арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолында да үлкен мәні бар.