Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың велоинфрақұрылымы

11 қараша, 2013

2013 жылдың 7 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «VeloCity» компания басшысы Қуат Ануар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Ғаламдық Экологиялық Қорының (БҰҰДБ/ҒЭФ) қолдауымен «Алматы қаласының тұрақты көлігі» атты жобаның менеджері Елена Ерзакович арасында кездесу өтті. Кездесу барысында ҚазҰУ аумағында велоинфрақұрылым салу мәселесі қарастырылды.

«Алматы қаласының тұрақты көлігі стратегиясы 2013-2023» жобасының негізінде Тимирязев көшесінен Абай көшелеріне дейін вело жолдарын салу жоспарланып отыр. Стратегия Алматы қаласының әкімшілігінен және «Алматы қаласының тұрақты көлігі» БҰҰДБ/ҒЭФ жобасының техникалық қолдауын тапты. Осы жобаны дамыту шеңберінде ҚазҰУ территориясында велоинфрақұрылымды салу мәселесін ҚазҰУ ғылыми-технологиялық паркінде іске асып жатқан «VeloCity» компаниясының ұсыны бойынша жүзеге асырылып отыр.