Хабиболла Оспановтың ғылыми жаңалықтары

27 тамыз, 2009

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Хабиболла Оспанов Ғылыми жаңалық авторларының халықаралық ассоциациясының алтын медалімен және дипломымен марапатталды. Қазақстандық ғалым № 373 «Еритін реагенттердің әсерінің өзгермелі заңдылықтар әрекеті мен қатты заттың сұйықтыққа айналу шекарасында өтетін бәсекелес реакция жүруінің салдары» жаңалығы атты дипломын иеленді.

Х.Қ. Оспановтың ашқан қатты заттың сұйықтыққа айналу шекарасындағы бөлімде өтетін физика-химиялық үрдістерді басқару теориясында мұның теориялық және тәжірибелік маңызы зор болғандықтан, термодинамика және кинетика саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар жоғары бағалап отыр. Х.Қ.Оспановтың теориялық зерттеулерін жер қабатында минералдар қалыптасу себебін түсіндіру үшін термодинамикалық және кинетикалық параметрлері әр түрлі екі саланы байланыстырған, гидрометаллургия жағдайында немесе флотация және геохимия жағдайында технологиялық процесс барысын сапалық және сандық болжаулар айқындауышы басымды ашылу ретінде жоғары бағалаған алдыңғы қатарларлы әлем ғалымдарының қатарында: Нобель сыйлығының иегері И. Пригожин (Физикалық химия халықаралық институтының директоры, Бельгия), профессор Fathi Habashi (Канада), профессор G.J. Leight (Ұлыбритания), АҚШ-тың еңбек сіңірген ғалымы Galbert Mains (АҚШ), КСРО ҒА-ның шетелдік мүшесі О. Фиговский (Израиль), КСРО ҒА академиктері М.Жаворонков, В. Спицын, Н.П. Лаверов (КСРО Ғылым және техника жөніндегі комитетінің бұрынғы төрағасы, қазіргі РҒА-ның вице президенті), Еуропа Академиясының мүшесі Ю.Я. Харитонов (Ресей, Мәскеу қаласы), М.Х. Карапетьянцем (МХТИ), КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесі Г.А.Крестов, профессор А.К.Молодкин (Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университеті) бар.

Жоғарыда атап өткендей, Х.Қ. Оспановтың теориялық тұжырымдарының болашағы зор әрі өзіндік жаңалығымен ерекшеленген тұсы - осы уақытқа дейін әлемде зерттелмеген бәсекелес теңсіздік процестерінің жылдамдығы мен күрделі минералдар құрылымын болжамдайтын ортақ ғылыми принциптердің жоқтығында болып отыр.

Өмір-дерек. Х.Қ. Оспанов - әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың физикалық химия және электрохимия кафедрасының мақтаулы меңгерушісі, химия ғылымдарының доценті, прфессор, Минералды ресурстар халықаралық Академиясының, ҚР Минералды ресурстар Академиясының, Нью-Йорк академиясының (АҚШ) академигі «Ғылым» аталымы бойынша Жалпыхалықтық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының және ЖОО-ның 2007 жылғы «Үздік мұғалімі» грантының иегері. Атаулы платиналы медальмен марапатталған және «ХХІ ғасырдың көрнекті ғалымы», Кембридж, Англия) (377 бет) кітабына енген. ҚазКРО еңбек сіңірген өнертапқышы, КСРО өнертапқышы және ҚазКРО халықтық білім беру ісінің үздігі.

Х.К.Оспанов - 3 халықаралық ғылыми жаңалықтардың авторы (Мәскеу), 1000-нан аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 115 өнертабыс пен патенттерге авторлық куәліктің иегері, 22 монография оның 5-і Лондонда, 2 монографиясы Германияда, біреуі Мәскеуде шыққан, сонымен қатар 20 тарта оқулықтар мен оқу құралдары бар. Ол 45 ғылым кандидаты мен 6 ғылым докторын дайындап шығарды.

КСРО халықшаруашылығына бірқатар халықшаруашылығы технологиясына жағымды жаңалықтар енгізгені үшін КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс және қола медалінің иегері. ҚР ғылымында жоғары жетістіктері үшін медалімен мараптталған. Мемлекеттік стипендиант. «Қазақстан республикасының көрнекті ғалымы» атағына лайық.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі