Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты

12 қараша, 2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Екатеринбург қаласында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік туралы өңіраралық Х форум жұмысына қатысты. ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтанов бастап барған делегация құрамында ғалымдар, ҒЗИ және ғылыми орталықтар директорлары, факультет декандары, оқытушылар және университет студенттері болды.


Мерейтойлық форумда ашылған өнеркәсіп көрмесінде Қазақстаннан қатысқан жалғыз университет ҚазҰУ өзінің маңызды ғылыми-технологиялық бағыттағы: нано-және биотехнология, дәстүрлі және альтернативті энергетика, ақпараттық технология мен қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, медицина, сондай-ақ, университеттің «Spin-off» компаниясы шығаратын өнім үлгілерін таныстырды. ҚазҰУ экспозициялары форум қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Көрме жұмыстарымен Свердлов обылысының губернаторы Евгений Куйвашев, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, министрлік пен ведомства өкілдері, өндіріс орындарының жетекшілері, университеттің ғылыми-инновациялық потенциалына жоғары баға берген екі ел жоғары оқу орындарының ректорлары да танысты.

Форум жұмысы барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ресейдің Бірінші Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті ректорларының кездесуі өтті. Екі тарап ғылыми-білім берудегі әріптестіктің келешегін талқылап, бірлескен жобалар жасау туралы келісім-шарттарға қол қойылды. Олардың ішіндегі негізгісі «Жасыл экономика ұрпақтан-ұрпаққа» және «Еуразия-G-Global». Олар Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамасын академиялық және ғылыми ортамен қолдауға бағытталған.

Екі университет инновацияны дамытуда, ғылыми және тәжірибелі-құрастырмалы жұмыс жасау өндірісінде ғалымдармен бірге, оқытушылар мен студенттер арасында академиялық алмасу жұмыстарына бірлесе күш жұмсамақ.

Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары форумның секциялық және панельді сессия жұмыстарына, студенттер «ХХІ ғасырдағы көшбасшылық және инновациялар: болашаққа көзқарас» жастар форумына қатысты.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі