- Басты бет
- Жаңалықтар
- Онлайн видеоконференцияда жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды
Онлайн видеоконференцияда жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселесі талқыланды
12 қараша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ұйымдастырушылық және басқарушылық тетіктері: (Ресейлік және шетелдік тәжірибе)” тақырыбында халықаралық онлайн видеоконференция өтті.
Конференция Жоғары кәсіби білімнің федералдық мемлекетті бюджеттік білім беру мекемесінің Г.Ф.Плеханов атындағы Ресейлік экономикалық университетінің (Ресей Федерациясы, Мәскеу) мемлекеттік және муниципалдық басқару кафдерасымен өткізілді.
Аталған конференцияға ҚазҰУ-дың мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор С.С.Сартаевтың басшылығымен тікелей атсалысып қатысты. Видеоконференцияға Қазан (Приволжский) Федералдық Университеті, (Қазан, РФ), РФ-ның бірінші Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Орал федералдық университеті, мемлекеттік басқару және кәсіпкерлік институты, мемлекеттік және муниципалдық басқару департаменті (Орал, РФ), Н.И.Лобачевский атындағы Нижегородтық ұлттық зерттеудің мемлекеттік университеті (Нижний Новоргород, РФ), Ульянов мемлекеттік университеті, (Ульяновск, РФ) университеттері қатысты. Конференцияда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, з.ғ.д., ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Сұлтан Сартаев, з.ғ.д., профессор, ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Усеинова, з.ғ.д. ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Алуа Ибраева, з.ғ.д., ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры Дина Баймаханова, з.ғ.к., ҚазҰУ Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Думан Құсайынов баяндама жасап, тақырыпты тарқатып, талдай түсті.
Сонымен қатар аталған іс-шараға заң факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы, студенттері мен магистранттары қатысты. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ғылыми жұмыстар жинағы жарық көреді.