Халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды

13 қараша, 2013

11 қараша күні халықаралық қатынастар факультеті дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушылары, «әлемдік экономика» мамандығы 40 пен 41 топ эдвайзерлері Л.Дүйсеева мен А.Хұрметтің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражай қызметкері М. Усманованың жетекшілігімен «Қазақстан теңгесінің тарихы» атты дәріс тыңдалды.

Бұл шара алда келе жатқан 15 қараша Ұлттық валюта –Теңге күніне орай ұйымдастырылды. Мұражай қызметкері студенттерге слайдтар көрсете отырып, дәрісті алдымен мұражай туралы ақпаратымен бастады. Дәріс барысында ежелгі дәуірден бастап ақшаның қандай түрлері болды, олар қалай және не мақсатта қолданғаны туралы айтылды. Бұл дәріс, әсіресе, «әлемдік экономика» мамандығында оқитын бірінші курс студенттері үшін пайдалы әрі тартымды болды. Алдағы уақытта Орталық мұражаймен факультет арасындағы қарым-қатынас жиілеп, қызықты іс-шаралар көбейеді деген сенім мол.

Халықаралық қатынастар факультеті