ҚазҰУ-да әкімшілік құқық бойынша халықаралық конференция өтеді

14 қараша, 2013

15 қараша (сағат 9:30-да, 15-қабат, ректорат) Алматыда әкімшілік құқық бойынша ТМД және Еуропа елдерінің ұлттық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Әкімшілік рәсімдердің жалпы құқығы және оның жария құқығының арнайы салалары үшін маңызы» IV Халықаралық конференция өткізіледі. Аталмыш конференция Қазақстанда әкімшілік рәсімдер институтының мүмкін даму жолдарын көрсету мақсатымен өткізіледі.


Аталмыш іс-шараның мақсаты әкімшілік рәсімдер туралы қолданыстағы заңнаманының даму болашағы және халықаралық стандарттарға сәйкес құқыққолдану тәжірибесін талқылау, сонымен қатар әкімшілік рәсімдер қағидаларын орнату, дайындау тәртібі, талқылау, жарыққа шығару және әкімшілік актіні орындау және т.б.

Іс-шара Германиялық Халықаралық Ынтымақтастық Қауымдастығымен GIZ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Заң шығару институтымен «Әкімшілік құқық мектебі» шеңберінде «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке әрекеттесу» аймақтық бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған.

Заң факультеті