Дзюдо күресінен ашық біріншілігі өтеді

15 қараша, 2013

19-21 қарашада университеттің 80 жылдығына арналған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дзюдо күресінен ашық біріншілігі өтеді.


Жарыс №2 спорт залында (күрес залы) мандаттық комиссияның жұмысынан басталады (сағ. 11.00 - 15.00). Қатысушылардың салмақ өлшеуі мен медициналық бақылауы сағ. 15.30 - 16.30 аралығында болады. Жарыстың басталуы – 17:00. Қыздар мен ұлдар (+100 кг, 100 кг, 90 кг) арасында жарыстың бас төрешісі - Якуба В.И.

Ал 1 желтоқсанда дзюдо күресінен матчтық кездесуі өтеді. 30 қарашаға дейін қатысуға өтініш беруге болады. Жарыстың бағдарламасы төменгдегідей:

8.00 - 8.30 бей ресми салмақ өлшеу

8.30 - 9.00 ресми салмақ өлшеу:

Салмақ дәрежелері: 66кг, 73кг, 81кг, 90кг, + 90кг

Ескерту: 2 кг артық салмақ рұқсат етілмейді.

10.00 - 11.00 жарыстың ашылуы.

11.00 топтық белдесудің басталуы.

13.00 жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау белдесуі.

15.00 командаларды марапаттау.

ҚазҰУ-дың спортклубы