«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті

16 қараша, 2013

Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе жетекшілері Қ.М. Борбасова, А.К. Әбішева, магистранттардың эдвайзері Н.К. Әлжанова және «Дінтану», «Мәдениеттану» мамандықтары 2 курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Перзент» қайырымдылық балалар үйінде тәрбиелік іс-шара өтті.


Қос жанары жәутеңдеп, аналық махаббат пен мейірім көрмей, ананың ыстық та аялы алақанын сағына іздеген кішкене бүлдіршіндерге магистранттар жылы лебіздерін білдіріп, қайырымдылық іс-шара атқарды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Философия және саясаттану факультеті