Салауатты өмір салтын бірге ұстанайық

20 қараша, 2013

Биология және биотехнология факультетінің аға куратор эдвайзері Шарахметов С.Е., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға куратор эдвайзері Мамурова А.Т. және кафедра куратор эдвайзерлері: Кегенова Г.Б., Баймурзаев Н.Б., Ахтаева Н.З., Сапаргалиева Н.С., Ахметова А.Б. топ студенттері мен Медеу спорт кешеніне салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорттық іс-шара өткізіп қайтты.

Іс-шара барысында әртүрлі спорттық ойын түрлеріне жарыстар (ұзындыққа жүгіру, қаппен секіру, конькимен жарыс) ұйымдастырылды. Конькимен жарыстан балық шаруашылығы мамандығының 201-202 топтары студенттері атап айтқанда Сансызбай Анар және Сармолдаева Гафиза мәреге бірінші болып жетті. Ұзындыққа жүгіруден Айтжанова Маржан мен Саматова Әдемі бірінші болып мәреге жетіп, бас жүлдеге ие болды. Осындай табиғат аясында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізілетін іс-шаралар әлі де болашақта жалғасын табады деген үміттеміз.