- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті
«Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті
Философия және саясаттану факультетінің, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығына және 16 қараша халықаралық толеранттылық күніне байланысты «Толеранттылық және рухани келісім мәдениеті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде сөз алған дінтану мамандығының маманы филос.ғ.д., профессор Затов Қайрат Айтбекұлы діни толеранттылықтың негіздері жайлы жақсы құнды идеялар мен ойларды ортаға салып талқылады. Дөңгелек үстелге келген қонақтар педагогика кафедрасының аға кураторы мен саясаттану кафедрасының аға кураторлары келіп толеранттылыққа байланысты өз ойларына сұрақ-жауап қоя отырып, жақсы пікір алмасты. Сонымен қатар дінтану мамандығының магистранттары да төзімділікке байланысты кураторлармен жақсы, қызықты ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты жас мамандар мен студенттерге тәрбие беру, қоғамдағы жастар арасында қайшылық туындататын діни ағымдардың дұрыс бағытымен ара-жігін ажырата білу, жастарды діни төзімділікке бағыттау жайлы ойлар талданды.
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы