ҚазҰУ-да әл-Фараби мұраларын зерттеу туралы жастар жиыны өтті

20 қараша, 2013

Заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен біріккен «Даму одағы» студенттер ұйымы «әл-Фарабидің теориялық құқықтық мұралары тарихы маңызы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс тәжірибесінде дамуы» тақырыбында студенттер, магистранттар және жас ғалымдар үшін Республикалық конференция өткізілді.


Бұл ғылыми конференцияға ҚазҰУ, ІІБ академиясы және Д.А. Қонаев атындағы университеттерінің жастары қатысты.

Республикалық конференцияның ашылуында ең алдымен сөз кезегін академик НАН РК Сартаев Сұлтан Сартайұлы бастады. Осы конференция 4 сектордан құралды: мемлекет және құқық теориясы, конституциалық және әкімшілік және магистранттар ұйымы және жас ғалымдар. Барлық қатысушыларға I, II, III орындармен мадақтау қағаздары және дипломмен марапатталды.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы