Экологиялық туризмді ҚазҰУ-мен бірге дамытамыз
20 қараша география және табиғатты пайдалану, рекреациялық география және туризм кафедрасында «Green Campus» ҚазҰУ бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Көлсай көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі (МҰТП) дәріс-семинары өтті.
Семинарда ұлттық парк территорияларында экологиялық туризмді дамыту сұрақтары қарастырылды. Туризм бөлімі маманы Гүлнар Ұшқұлақова слайд қолдана отырып, ең жас табиғи қорғалатын мекеме жайлы презентация жүргізді. 2007 жылы құрылған МҰТП территориясы 161045 га құрайды. Территория алаңының 72 % қорықтық зона, 13% алаң рекреация және туризм зонасы. «Көлсай Көлдері» Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі – Қазақстандағы ерекше қорғалатын тоғызыншы ең жас территория болып табылады. Ұлттық парк территориясы Алматы облысы екі әкімшілік Райымбек және Талғар аудандары шекарасында орналасқан. Ұлттық парктің негізгі көрікті жерлері әдемі шатқалда орналасқан Көлсай көлдері каскадтары, Шелек өзені саласы шатқалы, Көлсай көлі. Семинар соңында аталмыш тақырып бойынша сұрақтар қойылып, қызу талқыға ұласты.
Рекреациялық география және туризм кафедрасы