Қарттар – біздің асыл қазынамыз

21 қараша, 2013

Қазақтар – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Осы орайда физика-техникалық факультетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының эдвайзер мұғалімдерімен бір топ студенттері қарттар үйінде болып қайтты.


Кафедра студенттері өздерінің қойылымдарын қойып, ән шашуларын арнады. Соңына қарай қарттардың беттерінен күлкі мен бақытты байқалғандай болды. Қарт ата-апалар студенттерге бата-тілектерін беріп, қарттар үйіндегі мұражайға шақырып, таныстырып өтті. «Аз ғана ғұмырының бір күнін бақытты сәттерге айналдырғанымызға, пайдамыз тигеніне бәріміз қуандық. Келу мақсатымызда осы да болатын. Қиындықты көп көрген ата-әжелеріміз ешқашан жы­ла­ма­са екен. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдындағы адамдық парыз-міндетің өлшеусіз. Қазақ үлкеннің сөзін екі етпейтін, алдын кесе өтпейтін кішіпейіл халық, сондықтан, қариялар тілегі ескерусізқалмас деп сенеміз» - дейді СМС-213 топ студенттері. Қилы тағдырлар көшін басынап өткеріп, тұла бойы шежіре мен тарихқа тұнған дана қарттарымыздың қатары азаймасын!

Физика-техникалық факультеті,

жылуфизика және техникалық физика кафедрасы