ҚазҰУ оқытушыларының тамыз жиналысы

4 қыркүйек, 2009

Мектеп мұғалімдерінің «Тамыз жиналысы» тәжірибесі жоғары білім беру жүйесінде де өз әсерін тигізді. Қазақстанның жетекші оқу орны жаңа оқу жылын университеттің декандары мен кафедра меңгерушілерін, эдвайзерлері мен мұғалімдерін жинап, кеңейтілген тамыз жиналысын өткізуді дәстүрге айналдырған. ҚазҰУ-дың жаңа даму стратегиясына сәйкес, былтырдан бері университет жұмысының барлық саласындағы, яғни оқу процесін ұйымдастыру мен басқарудағы радикалды өзгертулер, жаңа білім технологияларын ИНТРАНЕТ-ті енгізу сынды күрделі жаңалықтар барлық оқу үрдісінің кіршіксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Жаңа жинақтау тұжырымдамасын іске асырылды, соның нәтижесінде ҚазҰУ-ға барлық оқу орындары арасында ең көп «Алтын белгі» иегерлері мен халықаралық олимпияда жеңімпаздары, грант иегерлері түсті.

Биылғы тамыз жиналысында жүзеге асқан өзгертулерге қысқаша қорытынды жасап, университеттің жаңа міндеттері мен ары қарайғы дамуы жайлы сөз етті. Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамынан тұратын жиналыстың күн тәртібінде университеттің оқу, ғылым, тәрбие және әкімшілік жұмыстары жөніндегі мәселелер кеңінен қарастырылды.

ҚазҰУ-дың ректоры академик Бақытжан Жұмағұловтың сөйлеген сөзінде жоғары білімді дамыту әлемдік тенденцияларына сәйкес университет қызметінің барлық бағыттарындағы негізгі стратегиялық мақсаттары белгіленген. Ректор жақын арада кредиттік технологияларды кеңінен ендіру, «бакалавриат-магистратура-Phd» сынды оқудың барлық сатысы бойынша студент алмасуды кеңейту, университеттің кітап қорын жаңалау жөнінде айтып өтті. Мемлекеттік тілдің орнын нығайту және еліміздің студенттік элитасын қалыптастыру сынды басты міндетерді алдыға тартты.

ЖОО жетекшісінің пікірінше, халықаралық ынтымақтастық жағдайында студенттердің академиялық мобильділігі, білімді экспорттау, оқу бағдарламаларын халықаралық аккредитациялау қазіргі заманның басты талабы болып отыр. Отандық ғылым жүйесін ұйымдастыру мәселелерін қозғай отырып, Б.Жұмағұлов гранттық негізде құрылған динамикалық модель жасаудың қажеттігіне тоқталды. Академик, ғылым университеттерде мықты дамуы керектігін және ондай университет елімізде үш-төрттен аспағаны дұрыстығын айтты.

Оқу жұмысы жөніндегі проректоры Мұрат Орынханов атап өткендей, жаңа оқу жылына университет жақсы көрсеткіштермен келген. Былтыр оқу процесін жетілдірудің кеңейтілген жұмыстары жүргізілді, ендігі жерде соның негізінде толықтай кредиттік технологияны жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр. Білімді электронды түрде аттестациялау, сабаққа қатысу туралы электронды журналдың болуы білім беру ісіндегі обьективтілік пен әділеттілікті асырып, студенттер мен олардың ата-аналарын университеттегі оқу сапасына сенімдерін күшейтті. Оқу процесін ұйымдастырушылар алдындағы ендігі міндет өзіндік оқу траекториясын, оның ішінде пәнаралық таңдау құқығын арттыру болып тұр. Студенттерге көмекші құрал ретінде алғаш рет оқу жоспары модернизацияланған пәндер каталогы шығарылды.

ҚазҰУ мемлекеттік білім беру стандарттарын негізгі жасаушылардың бірі болып табылады. Осы саладағы көшбасшылығын таныта келе, алдыға жылжып, университет халықаралық деңгейдегі жаңа эксперименталдық мемлекеттік стандарттарды дайындауға кірісіп кетті. Осы жылы оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Гульнас Ахметованың хабарлауынша, ҚазҰУ отандық еңбек нарығына сараптама жасап, мамндықтар классификаторына 17 жаңа тәжірибелік ориентациялық мамандық енгізді.

Тәрбие жұмысы саласында университет ең басты міндет - белсенді өмір сүру салты қалыптасқан, елжанды азамат тәрбиелеу мәселесін шешуді алдыға қойып отыр. Студенттер күш жігерін конструктивті жүйеге бұрып, білім беру сапасын арттыру үшін студенттерді өзін өзі басқаруға бағыттау қажет.

Жиналыста біріккен халықаралық білім бағдарламалары, белсенді және қашықтықта оқу түрлерін кеңейту, шеберлік-кластарын өткізу, халықаралық акредитациялау мәселелері жөнінде кеңінен талқылады.

Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы жиналыс барысында жаңа Пәндер каталогымен, жаңа «Univer» ақпарттық жүйесімен, 2009-2010 оқу жылында енетін жаңа инновациялармен таныстырды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі