Қазақстандағы президенттік институтының қалыптасуы және дамуы туралы конференция өтеді

25 қараша, 2013

ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ел басы Н.Ә. Назарбаев қоры мен бірлесіп 2013 жылдың 29 қарашасында сағат 10.00-де (410 ауд.) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстандағы президенттік институты: қалыптасуы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты - Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуының өзекті мәселелеріне, егемен Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және рухани жетістіктеріндегі ҚР Тұңғыш Президенті – Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың рөлі мен маңызына жан-жақты талқылау өткізу.

Конференияға Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғалым-заңгерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық қайраткерлер, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттар қатысады.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,

конституциялық және әкімшілік құқығы кафедрасы