Заң факультетінде «Алтын күз» балы өтті

26 қараша, 2013

2013 жылдың қараша айының 21 күні заң факультетінің студенттер мәслихаты мен азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының "Фемида" студенттік клубының ұйымдастыруымен "Алтын күз" балы өтті. "Алтын күз" балына 1 және 2 курс студенттері қатысты.


Бал 4 кезеңнен өтті: 1-кезең - өзін-өзі таныстыру, 2-кезең - өнер сайысы, 3-кезең - сән үлгілерін көрсету, 4-кезең - би өнері. Бұл сайысқа әрбір топтан жұптар қатысып, әр сайыста әрбір жұп өздерінің шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар өздерінің таныстыру, өнер және сән үлгілерін көрсетуде ерекшеленді. Өзін-өзі таныстыруда студенттер ерекше видео роликтер мен карикатуралар салу арқылы өздерін таныстырды. Ал, өнер сайысында жұптар қызықты көріністер қою, гитарамен ән шырқау, би билеу сияқты өнерлерімен тамсандырды. Сән үлгілерін көрсетуде жұптар ортағасырлық, қазіргі заманғы және болашақта сән үлгісі болуы мүмкін киім үлгілерін қолдан жасап көрсетті. Соңғы төртінші кезекте би билеу өнерінде әрбір жұп вальс биін әртүрлі нысандарда көрсете білді. Сайыста 2-курс студенттері Шынар Туленова мен Азамат Пошаев жұбы жеңімпаз атанды.
Мұндай сипаттағы мерекелік кештер студенттердің рухани және адамгершілік дамуына ықпал етеді. Студент жан-жақты ізденуші тұлға болғандықтан, студенттердің мұндай іс-шараларға қатысуы олардың жан-жақты ізденушілік, тапқырлық және кәсібилігін дамуға ықпал етеді.