Жаңа оқу жылының алғашқы дәрісін шетелдік профессор оқыды

7 қыркүйек, 2009

2009 жылдың 1 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің мәжіліс залында Веллингтондағы (Жаңа Зеландия) Виктория Университетінде Азиялық зерттеу институтының директоры Стивен Эпштейн (Stephen Epstein) кәріс және ағылшын тілдерінде дәрістерін оқыды. Аталмыш шараны шығыстану факультетінің корейтану кафедрасы ұйымдастырды.

Шақырылған қонақ «Қазіргі Оңтүстік Кореядағы бұқаралық мәдениет пен ұлтаралық некелер» тақырыбында дәрісін өткізді.

Жиынға қатысқан корейтану кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен корейтану бөлімінің 4-курс студенттері дәрісті кеңінен талқылады. Шараны бастан аяқ корейтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ким Герман Николаевич жүргізді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі