ЖОО студенттері арасында жарыс өтті
2013 жылдың 28 қарашаcында физика-техникалық факультетінде жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековке арналған жоғары оқу орындарының 1-ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша қалалық олимпиада және спорт кешенінің шахмат клубында шахматтан турнир өткізілді.
Олимпиада нәтижесі бойынша 1-орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының 1 курс студенті - Қараман Абай жеңіп алды. Шахматтан турнирді – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Электр энергетикасы» мамандығының 1 курс студенті - Каратаев Алтынбек жеңіп алды. Басқа университеттердің де студенттері құр қол қалмады, Әлімхан Балымжан – Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің 1 курс студенті олимпиада бойынша 3-орын иеленді, ал Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің 2 курс студенті Мансуров Бектөре шахмат турниріне белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.
Бұл шара жыл сайын жылуфизика және техникалық физика кафедрасы мен дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.