- Басты бет
- Жаңалықтар
- Республикалық «Дружные ребята» газетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Республикалық «Дружные ребята» газетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
5 желтоқсанда баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұйымдастыруымен қалалық №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдетіп оқытатын орта мектеп интернаты, №166 қазақ-түрік лицейі, №176, №123, №141, №32, №116, №166, №91, №140, №105, №109, №130, №86, №112, №119, №62, №140, №86, №12 мектеп-гимназяиларынан 160-қа жуық жоғары сынып оқушылары қатысуымен «Журфак – дарындыларды даралайтын мекен» атауымен ашық есік күні өтті.
Шара барысында оқушылар «Әл-Фараби» олимпиадасы ережелерімен, сондай-ақ факультеттегі «Мобильді репортер» серпінді жобасымен аясында жүзеге асқан студенттердің мектеп оқушыларына арналған ғылыми-танымдық мультимедиялық http://youngreporter.kz/ порталының, сондай-ақ осы платформада жүзеге асатын «Вируталды сынып» ержелерімен танысты.
Аталмыш шараға республикалық балаларға арналған «Дружыне ребята» газетінің Бас редакторы А. Акбаров қатысуымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді балалар басылымы ең үздік видеосюжеттер, аудиорепортаждар мен фотоэтюдтер мен инкографикаға арналған «Жас репортер» және ең үздік эсселер мен мақалаларға «Журналист болғың келе ме?» шығармашылық байқауларының бюасты ақпараттық қолдаушысы ретінде еліміздің барлық аймақтары мен өңірлерінен байқау қоржынына келіп түскен үздік дүниелерді жариялайды.
Журналистика факульеті