«ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшайрасының жеңімпаздары анықталды
5 желтоқсанда ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған «ҚазҰУ-ым –темірқазығым» атты жыр мүшайрасы өтті. Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студент, магистрант ақындары қатысып, бақ сынасты.
Мүшайраның мақсаты – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық тарихи жетістіктерін саралап, дәстүрін, ізденістері мен шежірелі кезеңдерін поэзияға батыл басып келіп жатқан жас ақындардың жүрегінің елегінен өткізу, келе жатқан тәуелсіздік қастерлі мерекесінің маңызын тегеурінді жыр жолдарымен өрнектеу, ұлттық поэзиямыздың дәстүрін жалғастырушы жасақындардыынталандыру болды. Мүшайраның шарты бойынша қатысушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы, тәуелсіздікке байланысты патриоттық өлеңдер және еркінтақырыптағы бұрын жарияланбаған өлеңдерін ұсынды.
1 орынды филология факультетінің студенті Нұртас Тұрғанбекұлы иемденді. 2 орынды (2 сыйлық) Ерзат Асыл мен Еламан Хасенұлы, 3 орынды (3 сыйлық) Рауан Қайдарұлы, Айбол Исламғалиев және Әрі Би-әрі Бек Дауыл иемденді.
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика
және қоғаммен байланыс кафедрасы