Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан 1991 жылғы ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында Қазақстанның ЖОО профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгел үстел өтеді

9 желтоқсан, 2013

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы 2013 жылдың 13 желтоқсанында сағат 11.00-де 410 аудиториясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «16 желтоқсан 1991 жылғы ҚР Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның Қазақстанның саяси-құқықтық дамуындағы орны мен рөлі» тақырыбында Қазақстанның Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен дөңгел үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан егемен, құқықтық, демократиялық, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуын кең ауқымды талқылау жүргізу.

Дөңгелек үстелдің жүргізілетін тілі: қазақ, орыс және ағылшын

Қатысуға берілетін өтініш 2013 жылдың 11 желтоқсанына дейін ұйымдастыру комитетіне қабылданады. Мекен жайы: 050040, Алматы қ. әл-Фараби даңғылы 71, заң факультеті, 322, 324 каб. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы; байланыс телефондары: 8 (727) 377-33-35 внутр.12-55, 12-56; е-mail: akma_77@mail.ru.