Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді

9 желтоқсан, 2013

Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының 2 курс мәдениеттану мамандығының магистранттары мен «Мәдениет KZ» клубының ұйымдастырумен 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай «Желбірей түс, тәуелсіздік жалауы» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Шара барысында желтоқсанға байланысты түрлі қойылымдар қойылып, бейнебаяндар көрсетілді. Сонымен қатар Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, Философия ғылымдарының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы барлық оқытушылар мен студенттерді келе жатқан мерекелерімен құттықтап, жастардың өз Отандарын сүйе біліп, ата- бабамыздың ерлігін үлгі ету керектігін айтып,өз лебізін білдірді. Қашанда елтаңбамыз еңселі, туымыз бейбіт күнде желбіреп, әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін!